29.05.2026, 13:10

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы басталды

Фото: Ақорда

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.   Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.