$ 485.55  563.38  6.81

Атыраудағы жаға ұстатарлық оқиға: жасөспірім қыздар жауапқа тартылды

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырауда пәтерлердің бірінде қыз баланы аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бір топ қыздың құрбысын ұрып жатқан сәті бейнеленген. Оқиға куәгерлері жанжалды тоқтатудың орнына оны телефонға түсіріп тұрғаны көрінеді.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жанжалға қатысушылар Атырау қаласындағы кешкі мектеп пен колледж студенттері болған. Полиция мәліметінше, оқиға 13 сәуірде тіркелген.

Аталған іс бойынша төрт күдікті анықталып, жауапкершілікке тартылды.

“Барлық күдікті полицияның профилактикалық есебіне алынды. 16 жастағы жасөспірімге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды”, – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0