$ 485.55  563.38  6.81

Атыраудағы Ақмагүл тұрғындары биліктен жолды жөндеуді талап етті

Саңылауынан сүйемдей сау жер қалмаған бұл аумақ тұрғындар үшін нағыз бас ауруына айналған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Атыраудың Ақмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің маңында тұратын халықтың шыдамы таусылды. Мұндағы шұрық-тесік жол сәл жаңбыр жауса, көлік те, жаяу адам да өте алмайтын үлкен көлшікке айналады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Саңылауынан сүйемдей сау жер қалмаған бұл аумақ тұрғындар үшін нағыз бас ауруына айналған. Әсіресе мектепке қатынайтын балалар мен қарттардың жүріп-тұруы қиындап кетті. Осы уақытқа дейін жасалған шағымдардан еш нәтиже шықпаған соң, жұрт әлеуметтік желі арқылы жанайқайын жеткізуге мәжбүр. Тұрғындар әкімдіктен бұл мәселені тезірек қолға алып, жолды сапалы жөндеп беруді талап етіп отыр.

Жауапты шенеуніктер бұл жолы да халықтың сөзін құлақтан тыс қалдыра ма, әлде нақты іске көше ме? Тұрғындар ендігі жерде құрғақ уәдеге сенгісі келмейді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0