29.05.2026, 18:20

Түркістан облысында ғимараттан мәйіт табылды

Фото: Жас Алаш

24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы 20-дан асқан ер адамның денесі табылған.

Қанды оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгір қаласында болған, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап.

24 мамыр күні қаладағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасы 20-дан асқан ер адамның денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны. Оны пышақтап өлтірді деген күдікпен 9-сыныпты енді аяқтаған жасөспірім қыз ұсталған.

Күдікті Төле би ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектептің оқушысы екені айтылды. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімі растады.

Болған оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.