Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Астанадағы Тілендиев даңғылында КамАЗ жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жанармай құю бекетіне қарай оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен түспей өтіп бара жатқан жасөспірімді байқамай қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордада дәл осылай велосипедпен келе жатқан тағы бір баланы бетон араластырғыш көлік басып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.