30.05.2026, 22:30

«Көңілдестерінің атын атаймын»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі батыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: obk.kz

Оның айтуынша, бұл мәселе адвокаттары Бибінұр Мұратова мен Сәуле Дүйсеновамен талқыланған.

Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қахарман өзінің өмірбаяндық кітабын шығаратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, кітап күзде оқырманға жол тартады, ал қазіргі уақытта қолжазба баспада редакциялық оқылымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Назым Қахарманның сөзінше, шығарма автофикшн жанрында жазылған. “Әрине, бұл автофикшн жанрындағы шығарма. Кітап шынайы оқиғаларға негізделген. Яғни өмірбаян. Бірақ ішінде көркемдік қиялдан туған тұстар да бар”, – деді ол.

Сондай-ақ автор кітапта бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың көңілдес әйелдерінің есімдері жарияланатынын айтты. Алайда олардың тектері көрсетілмейді.

“Менің бұрынғы күйеуімнің көңілдес әйелдері сіздер менің кітабыма кірдіңіздер және бәріңіз өз есімдеріңізбен боласыздар! Тұсаукесер күзде өтеді”, – деп жазды Назым Қахарман.

Оның айтуынша, бұл мәселе адвокаттары Бибінұр Мұратова мен Сәуле Дүйсеновамен талқыланған. Автор есімдер мен кей жағдайда лақап аттарды өзгеріссіз қалдырғанын, тек тектерін алып тастағанын жеткізді. Сонымен қатар Қахарман өз мәлімдемелерін растауға мүмкіндік беретін хат-хабарлар мен скриншоттардың сақталғанын айтты.