Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында шахтаның учаскелерінің бірінде болған.
Шығыс Қазақстан облысында «Шығыстүсмет» компаниясына қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды. Тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында шахтаның учаскелерінің бірінде болған.
— Тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкерінің қаза болғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз. Бұл бүкіл ұжым үшін ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасы, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз, — делінген компания хабарламасында.
Осыдан кейін аталған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта кәсіпорын мамандары мен уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Компания өкілдері марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
— KAZ Minerals тобы басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен тұрақты байланыста болып, оқиға орнына аттанған.
Жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.