01.06.2026, 10:30

Атыраудағы тасқын: Орлы ауылы су астында қалуы мүмкін бе?

Фото: видеодан скриншот

Ондағы Каспий учаскесін қазірдің өзінде су баса бастаған.

Әлеуметтік желіде Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты Орлы ауылының тұрғындары дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ондағы Каспий учаскесін қазірдің өзінде су баса бастаған. Жұрттың айтуынша, бұған дейін салынған бөгеттерді тасқын су шайып кеткен көрінеді. Тұрғындар әкімдіктен көмек сұрап хабарласқанымен, билік тарапынан мардымды жауап ала алмаған.

Атқамінерлер «ол жерге техника бара алмайды» деп, телефонмен қысқа қайырған көрінеді. Ауыл халқы «Орлының әкімі қайда қарап отыр?» деп наразылық білдіруде. Табиғат апаты төнгелі тұрғанда жергілікті биліктің бұлай сылтау айтуы қаншалықты қисынды? Қазіргі таңда бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен талқылау тудырып жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алуға жауапты органдар бұл мәселеге шұғыл араласуы қажет.

Тегтер: Су басу Атырау