$ 485.95  565.74  6.83

Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұмдардың туыстары жүргізушіні кешірді

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қайғылы жағдайға қарамастан, олар Александр Пакпен өзара келісімге келген.

 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты бойынша жәбірленуші тарап күдікті Александр Пакпен татуласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұм жүргізуші Еламан Тілемісовтің туыстары соттан күдіктіге бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрап отыр.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қайғылы жағдайға қарамастан, олар Александр Пакпен өзара келісімге келген.

Туыстарының сөзінше, күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Сонымен қатар ол марқұмның жақындарынан кешірім сұраған.

Сондай-ақ Александр Пак материалдық шығын мен моральдық өтемақыны толық өтегені айтылды. Бұл ақпаратты жәбірленуші тарап та растаған.

«Бізде Александр Пакқа қатысты материалдық та, моральдық та ешқандай шағым жоқ. Болашақта да болмайды. Татуласу ешқандай қысымсыз, өз еркімізбен болды. Оның құқықтық салдары бізге толық түсіндірілді», — деді марқұмның туысы.

Марқұмның жақындары Еламан Тілемісовтің өліміне байланысты Александр Пакты толық кешіргендерін жеткізіп, оған қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдануды сұрады.

«Біздің ойымызша, оған шартты жаза тағайындау жеткілікті. Қазір де, болашақта да оған ешқандай талабымыз болмайды», — деп мәлімдеді жәбірленуші тарап.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0