01.06.2026, 15:00

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев «Парасат орденімен» марапатталды

Фото: Gov.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" орденін табыстады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

"Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.