01.06.2026, 18:20

Астанадағы көлік жарылысы: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: видеодан скрин

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанғандардың жағдайы туралы айтты. 

31 мамырда Астананың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанғандардың жағдайы туралы айтты. 

№1 көпбейінді қалалық ауруханаға және №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына 4 ересек адам мен 1 бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін елордалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын, содан кейін автокөлік отқа оранғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлік те зақымданған.