01.06.2026, 22:30

«Абайдың 18 өлеңі өзінікі емес»: Танымал тарихшы ел білмейтін шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бәрінің басында жүрген Мұхтар Әуезов қой.

Танымал тарихшы, әрі режиссер Ерсайын Төлеубай журналист айнұр асанбердіге берген сұхбатында ұлы Абай туралы жұрт білмейтін бір шындықты айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында тарихқа шолу жасаған Ерсайын Төлеубай: "Абайда әлі толық, дұрыстап зерттемей жатыр. 

Абайды зерделесең, 178 өлеңінің 18 өлең Абайдыкі емес. Құрығанда сегізі деп айтайыншы. 

Бәрінің басында жүрген Мұхтар Әуезов қой. Абайдың дүниелерін молда Мүрсейіт, Тұрағұлдар бастап жинаған. 

Сонда өлеңдері жиналып келгенде Әуезовтің: "Ей, сендер, анау да Абайдың өлеңі, мынау да Абайдың өлеңі деп жинақтап әкеліп, Абайды көбікке айналдырмасаңдаршы"деген. 

Сөйтіп Мұхаңның өзі біраз өлеңін жыртып тастаған. Кейін Мұхаң өмірден өткен соң, бәрібір Абайдың өлеңдері қайта өңделді ғой. 

Абайды оқып отырсаң, кей өлеңдерінің ішінде құлағы қалқиып, Дулат Бабатайұлының сарындары шығып тұр. Шортанбайдың, Шәкәрімнің сарындарын көруге болады", дейді.