02.06.2026, 09:40

Павлодар облысында бала көтеріп тұрған әйелді ГАЗель қағып кеткен (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Екібастұзда артқа қарай жүріп келе жатқан ГАЗель көлігі бала көтеріп тұрған әйелді қағып кеткен, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 24 мамырда болған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша ГАЗель көлігінің жүргізушісі артқа маневр жасау кезінде бала көтеріп тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - деді полиция.

Ведомствоның ақпараты бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция бала зардап шекпегенін нақтылады.