02.06.2026, 12:20

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға 1 маусым күні сағат 15:00 шамасында тасжолда болған.

Жамбыл облысының Қордай ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 1 маусым күні сағат 15:00 шамасында тасжолда болған. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lexus көлігінің жүргізушісі жол қоршауына жанай соғылған. Соққыдан кейін автокөлік айналып кетіп, жолдың жүріс бөлігінде тоқтап қалған.

Арада біраз уақыт өткенде тоқтап тұрған Lexus көлігіне Tank 500 маркалы автокөлік келіп соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, Tank 500 жүргізушісі дер кезінде тежеп үлгермеген.

Жол апаты салдарынан Tank 500 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауда.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде жол апатына қатысушылардың бірінің туыстары куәгерлерді іздеп жатқанын мәлімдеді. Олар Threads платформасы арқылы оқиға сәті түсірілген бейнежазбалар мен куәгерлерден ақпарат сұраған.