Қазіргі уақытта апат болған аумақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысында әскери дрон апатқа ұшырап, оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ведомствоның мәліметінше, 2 маусым күні Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданы аумағына штаттан тыс қонған.
Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.
«Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға техникалық ақау себеп болуы мүмкін», — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Қазіргі уақытта апат болған аумақта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.