$ 488.96  569.49  6.81

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу ережесі өзгереді – Жеткіліктілік шегі қалай есептелмек?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жақын арада жаңа сандарды жариялайтынын айтты.

Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Елімізде зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға қатысты шулы мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Бұл жолы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеме жасап, жеткіліктілік шегін анықтаудың жаңа формуласы енгізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Министрдің сөзінше, бұған дейін қолданылған есептеу әдісі түбегейлі өзгермек.

«Бұл – ең төменгі жалақы, мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері және тағысын тағылар. Енді жаңа формула енгізіледі, ол бес көрсеткіштен тұрады. Оның ішіне жылдық 9% кірістілік пайыздық мөлшерлемесі, ай сайынғы төлемнің жылдық индекстеу ставкасы және өзге де факторлар кіреді. Барлығы бес көрсеткіш бар», - деді ведомство басшысы.

Министр заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жақын арада жаңа сандарды жариялайтынын айтты.

Кімдердің шегі өзгереді? 20 жастан бастап 63 жасқа дейінгі азаматтардың барлығында жеткіліктілік шегі қайта есептеледі. Қашан дайын болады? БЖЗҚ өз есептеулерін 10 күн ішінде ресми сайттарында жариялап, тарата бастауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0