Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әлеуметтік көмек бөлімінде жұмыс істеген қызметкердің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Министр ведомство ішіндегі ірі дауға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде лауазымды қызмет атқарған маманның алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікке ілінгені белгілі болды. Осыған байланысты ведомство басшылығы ресми түсініктеме беріп, аталған азаматтың қазіргі таңда жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
«Маған бұл қызметкердің екі апта бойы себепсіз жұмысқа келмегені және еңбекке жарамсыздық парағын ұсынбағаны туралы ақпарат түсті. Еңбек кодексіне сәйкес, ол дереу жұмыстан шығарылды. Кейінірек оның үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды», - деді министрлік өкілі.
Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында зардап шеккендердің нақты саны, тағылған айыптар мен келтірілген шығын көлемі әлі жарияланған жоқ. Орталық аппарат тергеу мен алдағы сот процесін жіті қадағалап отыратынын жеткізді.