03.06.2026, 09:20

Тұншығу белгілері бар: Маңғыстауда мектеп оқушысы ауладан өлі табылды

Фото: polisia.kz

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі белгісіз.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы аулалардың бірінен мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға туралы жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Оның айтуынша, бала тұншығу белгілерімен табылған.

«Бастапқыда оны басқа бір бала әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған. Жақындап келген кезде баланың беті көгеріп кеткенін және аузынан ақ көбік шыққанын көрген. Кейін ол ата-анасын шақырып, олар полиция мен жедел жәрдем қызметін хабардар еткен», — дейді дереккөз.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 1 маусым күні шақырылған.

Дәрігерлер 2014 жылы туған ұл баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі белгісіз.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.