$ 493.15  574.17  6.77

«3 жасынан көбейту білген»: Түркістандық 4 жасар вундеркинд мектепке қабылданды (ВИДЕО)

Қабілетімен таңғалдырған жас дарын бүгінде ағылшын тілінде де оқып-жазуды белсенді меңгеріп жүр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында тұратын 4 жасар вундеркинд Әли Адамбек бастауыш сыныптың бағдарламасын еркін меңгеріп, қазірдің өзінде мектепке ресми түрде қабылданып үлгерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ата-анасының айтуынша, алғыр бүлдіршін небәрі 2 жасында әріп танып, 3 жасында сандарды көбейтуді бастаған. Қабілетімен таңғалдырған жас дарын бүгінде ағылшын тілінде де оқып-жазуды белсенді меңгеріп жүр.

"Қазір әріптердің бәрін таниды әліппені оқи береді. Есептерді еркін шығарады. Қазақ, ағылшын тілдерінде. Енді тілі шыға бастаған кезде балалардың оқулықтарымен ойнап, дамытушы мультфильмдерді көре бастады. Алғаш 3 жасында қарапайым есептерді қосып, алып жүргенін байқадық. Қазір көбейту, бөлу  амалдарын да орындай алады", - дейді Әлидің анасы Нұргүл Мырзағали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0