Олардың ішінде 5 мың адам түрмеде, қалғаны пробациялық бақылауда жүр.
Мәжілісте қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа қатысты заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қылмыстық рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстарға ғана қолданылады.
Олар:
қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар;
зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиянды толық өтеген орташа ауыр қылмыстар.
Ал ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріледі. Бірақ аса қауіпті қылмыстар жасағандар рақымшылыққа ілікпейді.
"Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, террористік және экстремистік қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, азаптаулар жасағандарға, қылмыстардың қайталануы, яғни, рецидив кезінде, қоғамдық қауіптілігі жоғары деңгейдегі қылмыстар, жақында криминализацияланған іс-әрекеттер жасағандарға, сондай-ақ сырттай сотталған адамдарға рақымшылық қолданылмайды", - деді депутат Абзал Құспан мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. Олардың ішінде 5 мың адам түрмеде, қалғаны пробациялық бақылауда жүр.
Айта кетері, алдағы рақымшылықтың бұған дейінгі ізгілік шараларынан ерекшелігі сол, Қазақстанда тұңғыш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылады. Мәжіліс бүгін заңды бірден екі оқылымда қабылдауды жоспарлап отыр.