03.06.2026, 11:50

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.  Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.