03.06.2026, 10:50

Бішімбаев, Мәсімов және Перизат Қайрат амнистиямен босатылуы мүмкін бе?

Фото: ЖИ

Әкімшілік амнистиядан бөлек, қылмыстық амнистия да жарияланады.

Әкімшілік амнистиядан бөлек, қылмыстық амнистия да жарияланады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов журналистердің «Қуандық Бішімбаев, Кәрім Мәсімов және Перизат Қайрат амнистияға ілінуі мүмкін бе?» деген сұрағына жауап берді.

Қазақстанда әкімшілік амнистия жарияланады: Кімдердің айыппұлы кешіріледі, кімдер тыс қалады?

Ішкі істер министрі Санжар Әділов қоғамда үлкен талқылау тудырған әкімшілік амнистияның егжей-тегжейін ашып айтты. Министрдің мәлімдеуінше, бұл шара аясында әкімшілік айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығару (сызу) көзделіп отыр.

«Амнистия Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ сот орындаушыларына, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңгерлік кеңесшілер мен нотариустарға қолданылады», — деді ведомство басшысы.

Министр бұл процестің ешқандай қағазбастылықсыз, Құқықтық статистика комитеті арқылы толықтай автоматты режимде жүзеге асырылатынын баса айтты.

Кімдер амнистияға ілікпейді?

Министр өз сөзінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың да «қоғамдық қауіптілік» деңгейі ескерілетінін жеткізді. Осы ретте, амнистия шеңберіне кірмейтін санаттар белгілі болды. Жарлық келесі жағдайларға қолданылмайды:

Азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін, қоғамдық қауіптілігі жоғары құқық бұзушылықтарға;

Сот шешімдеріне және заңды күшіне енген сот үкімдеріне;

Дәл сондай құқық бұзушылықты қайталап (екінші рет) жасаған тұлғаларға;

ӘҚБтК (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) аясындағы есірткінің және қарудың заңсыз айналымына қатысты істерге.