03.06.2026, 16:10

Мұрат Әбенов мас жүргізушілерге қатысты дабыл қақты

Фото: Мәжіліс

Осыған дейін жаза мерзімін қысқартуды ұсынған халық қалаулысы енді ішімдік ішіп көлік айдағандарды аяусыз жазалауды талап етіп отыр.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мас күйінде рөлге отыратындарға қатысты ұстанымын өзгертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыған дейін жаза мерзімін қысқартуды ұсынған халық қалаулысы енді ішімдік ішіп көлік айдағандарды аяусыз жазалауды талап етіп отыр.

Жазаны жеңілдетуді қолдамайды

Бұған дейін қоғамда «рөлде мас күйінде ұсталғандарға амнистия жасау немесе жазаны жеңілдету» туралы ұсыныстар айтылған болатын. Тіпті Мұрат Әбеновтің өзі де қазіргі қолданыстағы 7 жылдық мерзімді 2-3 жылға дейін қысқарту керек деген пікірде болған еді.

Алайда депутат бұл ойынан толықтай бас тартты. Ол мас жүргізушілердің ешқандай амнистияға ілікпеуі тиіс екенін және оларға кешіріммен қарауға болмайтынын айтты.