03.06.2026, 18:20

Беларусьте гелендваген мінген қазақстандық әйелдің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әйелдің жолаушыларды тасымалдау ережесін де бұзғанын анықтады.

Беларусьте Threads қолданушысы көлігін тұраққа дұрыс қойылмаған қазақстандық «Гелендвагеннің» суретін желіге жүктеген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жарияланым Минск милициясының назарына ілікті.

Минскінің Первомай аудандық ішкі істер басқармасының Мемлекеттік автоинспекция бөлімі хабарлағандай, Қазақстан Республикасында тіркелген Mercedes маркалы автокөлік жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, Тәуелсіздік даңғылындағы №72 ғимараттың жанындағы жаяу жүргіншілер жолына (тротуарға) қойылған. 

Осы көлік дәл солай "Замок" сауда орталығының паркингінде мүмкіндігі шектеулі жандардың көлік құралдарына арналған орынға да қойылған. Бөлім қызметкерлері жүргізушінің кім екенін жедел анықтады, ол Қазақстанның 32 жастағы азаматшасы болып шықты, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әйелдің жолаушыларды тасымалдау ережесін де бұзғанын анықтады.

Көлік қозғалысы кезінде азаматша 2 жасар баланы арнайы орындықсыз, алдыңғы жолаушылар орындығына отырғызып тасымалдаған, – деп толықтырды автоинспекциядан.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін әйел заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.