$ 493.15  574.17  6.77

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан «Жасыл дәліз» жобасын талқылады

ТЭН болашақ энергетикалық дәліздің техникалық конфигурациясын айқындайды.

Фото: KEGOC
Фото: KEGOC

Baku Energy Forum аясында KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов «Әзерэнержи» және «Өзбекстан ұлттық электр желілері» компанияларының өкілдерімен «Жасыл дәліз» жобасына қатысты жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында жобаны одан әрі іске асырудың практикалық шешімдері талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайын пысықтап, техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу мәселелерін және үш елдің жүйелік операторлары арасындағы алдағы үйлестіру жұмыстарын қарастырды.

ТЭН болашақ энергетикалық дәліздің техникалық конфигурациясын айқындайды. Атап айтқанда, Каспий теңізі арқылы тартылатын терең суасты кабель желісінің параметрлері, түрлендіргіш қосалқы станциялар және Қазақстан, Әзербайжан мен Өзбекстанның ұлттық электр желілерін күшейтуге қажетті көлем анықталады.

«Жасыл дәліз» жобасы Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын өндіру мен тасымалдауды дамытуға, сондай-ақ болашақта оны Еуропа бағытына экспорттауға бағытталған.

Жобаның басты мақсаты – Орталық Азия мен Кавказ арасындағы жаңа энергетикалық байланысты қалыптастыру. Бұл жаңартылатын энергия көздерінің әлеуетін тиімді пайдалануға және жобаға қатысушы елдердің энергетикалық жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0