Кадрларды журналист Жұлдыз Қайратқызы жариялаған.
Атырау облысында бірнеше адамның қазасына қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде бұл жолы күдіктінің ломбардқа алтын тапсырған сәті түсірілген видео тарады. Кадрларды журналист Жұлдыз Қайратқызы жариялаған.
7 қараша күні Сұлтан Сарсемалиев Атырау қаласы «Дина» базарындағы ломбардтардың біріне Нәсіп Өтешқалиеваның екі алтын сақинасын өткізіп, қаржы алған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Іс материалдарында қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан кейін болғаны айтылған.
Сот отырысы кезінде айыпталушы кейбір айыптар бойынша кінәсін жартылай мойындағанымен, бірқатар эпизодтармен келіспейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, Наурыздың өлімі абайсызда болған.
Сараптама қорытындысы күдіктінің қылмыс кезінде өз әрекетіне толық жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен. Сонымен қатар тергеу барысында бұл іске өзге адамдардың қатысы анықталмаған.