04.06.2026, 16:20

«Оджей ханым»: Кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы тұрмысқа шықты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде белгілі болды.

Белгілі қазақстандық кәсіпкер, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай тұрмысқа шықты. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қалыңдық туралы не білеміз?

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол модельдік кәсіппен табысты айналысады. Қазіргі уақытта Ұлыбритания астанасы Лондонда тұрып, жұмыс істейді.

Мұхтар Жәкішев — 1963 жылы Алматы қаласында туған. Мәскеу инженерлік-физика институтының түлегі. Әр жылдары түрлі бизнес құрылымдарда еңбек етіп, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі қызметін атқарған. Ал 2002-2009 жылдары аралығында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын басқарды.