Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында Нұрай Серікбай өлімін байланысты іс қашан сотқа түсетінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
— Нұрайды өлтіру ісіндегі тергеу маусым айында аяқталады, — деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні болған. Бейнебақылау камераларының жазбасында күдіктінің Нұрайды аңдып жүргені, кейін оған пышақ жарақатын салғаны көрінеді.
13 қаңтар күні күдікті қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.