Мына жолда жүргеннен, жүрмеген артық..
Әлеуметтік желілерде Қарағанды – Жезқазған бағытындағы тасжолдың видеосы қызу талқылануда. Бейнежазбада жолдың шұрық тесік екенін байқауға болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары бұл көріністің көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туғызғанын айтып, пікірлерін жарыса жазуда. Бірі мұны «қорқынышты фильмнен алынған кадрға» теңесе, енді бірі мұны жол апатының көбеюіне әкелетінін айтып, алаңдаушылық білдірген.
"Күйеуім осы жолмен үнемі жүреді, вахтаға қатынайды, жөнделген жолды көрмедік. Қашан жөнделеді?", "Жолға бөлінген ақшаның бәрі қайда кетті?", "Мына жол қашан жөнделеді", деп жазды көпшілік.