Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында жасыл желектің күтіміне қатысты кезекті мәселе бас көтерді. Желі қолданушылары қала көшелеріндегі ағаштардың жаппай сарғайып, қурап жатқанына наразы.
Әлеуметтік желідегі танымал парақшаларда Полиция департаменті ғимаратының жанында түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнематериалдан бір кездері жап-жасыл болып тұрған қылқан жапырақты ағаштардың (сосна/шырша) қазір мүлдем қурап, қоңырқай түске енгенін анық көруге болады.
Суару жүйесіндегі ақау ма, әлде немқұрайлылық па?
Желідегі ақпарат пен бейнежазба авторларының айтуынша, бұл ағаштар бұған дейін ұзақ уақыт бойы қаланың сәнін келтіріп, жайқалып өсіп тұрған. Алайда соңғы бірнеше жылда оларға ешқандай күтім жасалмаған, ең бастысы - жүйелі түрде суару жұмыстары жүргізілмегендіктен, бүгінде мүлдем қурап кетудің аз-ақ алдында тұр.