Борангүл әжейді 19 жасында үш жігіт алып қашқан.
Борангүл әжейді 19 жасында үш жігіт алып қашқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, тіпті алып қашқан жігіттердің қайсысы болашақ жары екенін білмеген.
"Келін болып түскенде той жасалып, ақ көйлек кидім. Бірақ арманым ол емес еді. Лимузинге мініп, ақ көйлекпен ұзатылғым келетін. Ол кезде ондай мүмкіндік болмады. Сонда жолдасым: "Алла қаласа, елу жыл бірге өмір сүріп, алтын тойымызды атап өтсек, сені төркініңнен ақ көйлек кигізіп, лимузинмен алып кетемін" деп уәде берген еді", – дейді кейуана.
Борангүл Низзова мен Ербосын Молдабеков бес бала тәрбиелеп өсірген.
Бүгінде олар 27 немере мен екі шөбере сүйіп отыр.