$ 487.44  567.38  6.62

Қызылордада хабар-ошарсыз кеткен 6 жасар қыздың денесі табылды

Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін Сырдария өзенінен тапты.

Фото: Politico.kz
Фото: Politico.kz

Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін Сырдария өзенінен тапты.

Ауқымды іздеу-құтқару шаралары екі күн бойы жүргізілген. Операцияға жергілікті полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті мамандары және еріктілер жұмылдырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 5 маусым күні кешкі сағат 18:30 шамасында қыз бала Қызылорда қаласындағы «Рисмаш» шағын ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін бірден іздестіру жұмыстары басталған.

Жедел шараларға қарамастан, бүлдіршінді аман табу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0