08.06.2026, 10:10

650 миллиард теңге бөлінген тасжолдың сиқы: Қарағандылықтар уәде етілген автобанды күтуден шаршады

Фото: видеодан скрин

Бейнежазбадан байқалғандай, аймақта әзірге заманауи автобанның нышаны да жоқ, ал жүргізушілер әлі де ойлы-қырлы, бұзылған жолмен жүруге мәжбүр.

Әлеуметтік желілерде жөндеу жұмыстарына 650 миллиард теңге бөлінген автожолдың қазіргі жағдайы көрсетілген видео тарады. Қарағанды облысының тұрғындары жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады деп уәде берілгеніне наразы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан байқалғандай, аймақта әзірге заманауи автобанның нышаны да жоқ, ал жүргізушілер әлі де ойлы-қырлы, бұзылған жолмен жүруге мәжбүр.

Жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, мамыр айында тек қаржыландыру мәселесі ғана шешілген. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп, соның нәтижесінде мердігер мекеме анықталып жатыр.