Олардың арасында екі кішкентай бала мен босануға жақын жүкті әйел болған.
Арыс қаласында жеңіл көлік жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылып, сыртта отырған адамдарды қағып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жол апаты салдарынан төрт адам көз жұмды. Олардың арасында екі кішкентай бала мен босануға жақын жүкті әйел болған.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, көлікті 52 жастағы әйел басқарған. Ол мектепте қызмет етеді және қосымша адам тасымалымен айналысқан. Сараптама қорытындысы жүргізушінің мас күйде болғанын көрсеткен.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, мас күйде көлік жүргізіп, екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар бұл оқиғадан кейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына қатысты мәселе де қайта көтерілді. Депутаттардың айтуынша, мас күйде көлік жүргізген азаматтарды 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру нормасына байланысты қоғамнан көптеген шағым түсіп жатыр.
«Біз бұл мәселе бойынша министрлікке бірнеше рет жүгіндік. Бұл тақырып рақымшылық мәселесін талқылау кезінде де көтерілген болатын», – деді депутат.