Бұл жермен күнделікті мыңдаған қала тұрғыны, оның ішінде қарттар мен кішкентай балалар да өтеді.
Әлеуметтік желіде мұнайлы астананың аяқжолдарының сиқы қашқан видеосы тарап, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Орталық көшелердің біріндегі мына тас төсеніштердің (брусчатка) әбден ескіріп, опырылып ортасына түскенін анық көруге болады. Бұл жермен күнделікті мыңдаған қала тұрғыны, оның ішінде қарттар мен кішкентай балалар да өтеді. Жауын-шашын күндері мына шұңқырлар суға толып, тұрғындар үшін нағыз қауіпті аймаққа айналатыны сөзсіз. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жол бөлімі осы уақытқа дейін бұл мәселеге неге көз жұмып отыр деген заңды сұрақ туындайды. Бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр, әлде шенеуніктер халықтың аяғы астындағы сорақылықты көрмей ме?
Қала көркі мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тікелей жауапты әкімдік бұл жолы да үнсіз қала ма, әлде шара қолдана ма? Көптің наразылығын тудырған бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс. Бұл жағдай Атыраудың инфрақұрылым саласындағы қордаланған проблемалардың бетін ғана ашып бергендей. Тұрғындар жергілікті биліктен құрғақ уәде емес, нақты әрі шұғыл іс-қимылды талап етеді.