Желіде тараған суретте қыз ұлттық нақыштағы екі кесені аксессуар ретінде пайдаланып түскен. Аталған образ белгілі бір брендтің шығармашылық фотожобасы аясында жасалғаны айтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда фотосурет жұртшылықтың пікірін екіге бөлді. Кейбір қолданушылар мұндай шешімді ұлттық құндылықтарға құрметсіздік деп бағалап, сынға алды.
«Бұл ұлттық бұйымдарды орынсыз пайдалану», «Шектен шыққан креатив», «Ұят нәрсе екен» деген пікірлер жазылды.
Ал екінші тарап мұны өнер мен шығармашылық еркіндіктің көрінісі деп қабылдады. Олардың пікірінше, фотосессиядағы образда қорлайтындай ештеңе жоқ.
«Бұл жай ғана өнер», «Әркім әртүрлі қабылдайды», «Шығармашылыққа шектеу қоймау керек» деген пікірлер де аз болған жоқ.
Осылайша, әлеуметтік желідегі кезекті фотосессия ұлттық символдарды заманауи өнерде қолдану тақырыбындағы пікірталасты қайта жандандырды.