Қаратау тұрғындары тағы да дабыл қағуда. 3-шағынаудан, 36-үйдің маңындағы жағдай қазіргі таңда сын көтермейді. Контейнерлердің уақытылы тазаланбауы кесірінен, аула кәдімгі қоқыс полигонына айналған. Қалдықтар шашылып, айналаға қолқаны қабатын жағымсыз иіс тарап жатыр.
Тұрғындар бұл сұмдыққа шыдай алмай, жауапты мекемелерден нақты әрекет талап етуде. Жаздың аптап ыстығында бұл жағдай антисанитарияның нағыз ошағына айналып үлгерді.
Жауапты шенеуніктер мен коммуналдық қызметтер бұл мәселені көрмегендей кейіп танытып отыр ма? Халықтың шыдамы шегіне жетті, мәселені тез арада шешу қажет.