08.06.2026, 16:50

Сарапшы Қосшы қаласының атын өзгертуді ұсынды

Фото: Видеодан алынған кадр

Оның пайымдауынша, қазіргі атау жергілікті тұрғындар арасында екіұдай және түсініксіз ассоциациялар тудырып отыр.

Мұнай-газ нарығының сарапшысы Олжас Байділдінов «Qaimaq» жобасына берген сұхбатында Қосшы қаласының атауын шұғыл түрде өзгерту керек деген мәлімдеме жасады.

Оның пайымдауынша, қазіргі атау жергілікті тұрғындар арасында екіұдай және түсініксіз ассоциациялар тудырып отыр.

Сарапшы бұл сөзіне өзінше қызық уәж де тауыпты. Ол Қосшы атауын қазақ тіліндегі «қосылу» немесе жарықты «қосу» деген сөздермен байланыстырады. Қыс мезгілінде қалада жиі жарық өшетінін алға тартқан Байділдінов, тұрғындардың «Қосшы, тым болмаса жарықты қосып қойшы» деп телміріп отыратынын мысалға келтірді. Осы «қосу-өшіру» мазағынан құтылу үшін қала атын тезірек ауыстыру қажет дейді.

Атаудың астарына үңілмей, тұрмыстық мәселемен шендестірген бұл ұсыныс желіде үлкен талқылау тудырды.