08.06.2026, 17:10

Бюджеттің 686 миллионы далаға кетті: Ақсу қаласындағы су масқарасы қашан бітеді?

Фото: Видеодан алынған кадр

Оған себеп - су станциясына судың мүлдем жетпеуі.

Ақсу қаласына қарасты Достық ауылының халқы төрт жылдан бері таза суға зар болып отыр. Кезінде бюджеттен 686 миллион теңге бөлініп, салтанатпен салынған су құбыры жүйесі алғашқы күннен бастап істен шыққан.

Оған себеп - су станциясына судың мүлдем жетпеуі. Сорақысы сол, шенеуніктер мәселені уақытша шешпек болып, көрші Береке ауылының резервтік құбырын осы станцияға қоса салған. Бірақ бұл «жамау» да мәселені шешпеді, қайта сорды қалыңдата түсті.

Бүгінде ешкім қолданбаған қымбат ауыз су сұраусыз далаға кетіп, босқа ысырап болып жатыр. Халық әр литріне ақша төлеп отырған судың иен далада көлшік болып жатқанына қараудың өзі ауыр. Төрт жыл бойы бұл масқараға неге ешкім нақты шешім қабылдамады? Жауапты тұлғалар мен атқамінерлер халықтың қаржысын далаға шашқан жауапсыздығы үшін қашан жауап береді?

Тегтер: Ақсуат