Қазір апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Жол апаты бүгін таңертең Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Полиция департаментінің мәліметінше, Audi көлігінің жүргізушісі Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолда тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жол жиегінде тұрған Toyota автокөлігіне соқтығысқан. Соққының әсерінен Audi жанында тұрған Subaru көлігін де зақымдаған.
Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.
Қазір апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.