$ 484.78  558.66  6.6

Қарағанды облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында су айдынында қайғылы оқиға болып, кәмелетке толмаған қыз бала көз жұмды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ жасөспірім ересектердің қарауынсыз өзен жағасында болған және тыйым салынғанына қарамастан суға түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға орнына келген құтқарушылар шамамен 4 метр тереңдікте, жағадан 20 метр қашықтықта қыз баланың денесін тапты.

Айта кетейік, аталған учаскеде шомылуға тыйым салатын белгі 2 маусым күні орнатылған. Сондай-ақ жазғы демалыс басталар алдында мектептерде оқушылармен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Мамандар қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын еске салады: тыйым салынған жерлерде шомылмау, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау және ескерту белгілеріне назар аудару қажет.

Мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан орын алатыны атап өтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0