Бұл жағдайға байланысты мұнай-газ секторының белді сарапшылары да өз болжамдарын жасап үлгерді.
Маусым айында елдегі жанармай құнының құбылуы көлік иелерін тағы да алаңдатып қойды. Бағаны шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін бензин бағасы аспандап кетпей ме? Желіде қызу талқыланып жатқан осы сұраққа тікелей Энергетика министрлігінен ресми жауап келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сондай-ақ, бұл жағдайға байланысты мұнай-газ секторының белді сарапшылары да өз болжамдарын жасап үлгерді.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанармай нарығындағы қазіргі ахуалды жіпке тізді.
«Мұның бәрі – нарықтық заңдылық. Қазіргі уақытта әлемдік мұнай бағасы бір барреліне 93,5 доллар төңірегінде тұрақты сақталып тұр, ешқандай күрт өсім жоқ. Сондықтан «мұнай 200 долларға шығып кетті» деп үрейленуге еш негіз жоқ. Қазақстандықтарды барынша сабыр сақтауға шақырамын», – деді ведомство басшысы.