10.06.2026, 11:55

Экология министрі Әділет пен «Аманат» партиясының бірігуін қолдады

Фото: Үкімет

министр өзінің партиялық қатарда қалу-қалмауына қатысты мәселеге де нүкте қойды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі екі саяси ұйымның - «Әділет» және «Аманат» партияларының қосылуына қатысты оң пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомство басшысы бұл қадамның елдегі саяси үдерістерге еш қайшылығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бірігу процестеріне қолданыстағы заңнама аясында толықтай рұқсат берілген.

Сонымен қатар министр өзінің партиялық қатарда қалу-қалмауына қатысты мәселеге де нүкте қойды. Егер саяси жағдай мен қажеттілік туындаса, ол жаңадан құрылатын құрылымның құрамында қалуға дайын екенін жеткізді.