Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.
Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 71 жастағы ер адам өз үйінде аңшылық қаруды пайдалану арқылы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.
Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өз өмірін қию ниеті туралы бірнеше рет айтқан.
"Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде", - Алматы ПД баспасөз қызметіОқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталуда.