Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің бауыры жаншылып, қолы сынған, ұйқыбезі зақымданған және басындағы қылтамырларға зақым келген.
Ақмола облысының Талапкер ауылында үш жасар бала жылқының таптауынан ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Nayza Kokshe басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 5 маусым күні Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бүлдіршінді жылқы таптап кеткен. Бірнеше адам балалар жүрген көшеде ат жарыстырып жүрген. Соның салдарынан бала ауыр жарақат алып, елордадағы ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің бауыры жаншылып, қолы сынған, ұйқыбезі зақымданған және басындағы қылтамырларға зақым келген.
«Алдын ала мәлімет бойынша, биылғы 5 маусым күні Талапкер ауылында 2022 жылы туған кәмелетке толмаған баланы жылқы басып кеткен. Бала медициналық мекемеге жатқызылды», – деп мәлімдеді полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.