$ 490.21  566.93  6.81

«Денесі құдықтан табылды»: Қызылорда облысында 15 жастағы жігіт туған ағасын өлтірді деген күдікке ілінді

​Марқұм жігіттің денесі көгерген, мойнында жіптің іздері болған. 

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құдықтан денесі табылған 20 жастағы жігіттің өлімі бойынша қылмыстық істе оның 15 жастағы туған інісі қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат пораталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Марқұмның жақындарының айтуынша, жігіттің денесі көгерген, мойнында жіптің іздері болған. БАҚ-тың хабарлауынша, жас жігітті өлтірді деген күдікпен 15 жастағы туған інісі қамауға алынған. Отбасы құқық қорғау органдарының бұл шешімімен келіспей отыр. Олар мектеп оқитын баланың өз ағасына қастандық жасауы мүмкін емес дейді. 

Марқұмның жақындарының айтуынша, 30 мамырда жігіт үйінің есік алдына төсегін салып, далада түнеген. Бірақ таң атқанда 20 жастағы жігіт ұшты-күйлі жоғалған. Туыстары оны іздеуге кірісіп, тек бір тәуліктен кейін су құбырының құдығынан денесін тапқан. 

«Сыртында ала көрпесі болады. Соны көрпеге тұншықтырып енді, ол бір адамның ісі емес. Мен өзім сол баланы шығарып салар сәтте соңғы рет көріп қалайыншы дедім. Сол кезде оның мына жерінің бәрінде көгерген дақ тұр. Ол бір адамның ісі емес. Ол жаны шығамын дегенше алысқан ғой 2-3 адаммен. 15 жастағы ұлымды күдікті деп ұстап отыр», – деді марқұмның анасы.

Бірақ марқұмға туған інісі қастандық жасады дегенге жақындары сенбейді.

«Үйде ақша ұрланып жатыр дедік. Екі күн бұрын ақша ұрланса да, үйде ақша қай жерде тұрды деп те ешкім сұрамайды. Түнде үште күдікті жүрген деп айтасың, оны іздемейді. Айналып кішкентай балаға жабысып тұр ғой. Не істерімізді білмей қалдық. Баламның қайғысы жайына қалды. Қайғымыз мына бала болып кетті», – деді марқұмның әкесі.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0