Алайда вице-министр жұбайына қанша ақша беретіні немесе отбасының нақты шығын мөлшері туралы ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин журналистердің жеке шығындарына қатысты қойған сұрағына жауап бермеді. Әңгіме оның ай сайын азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтыны жөнінде болған.
Шенеунік үй шаруасына араласпайтынын айтып, тұрмыстық азық-түлікті жұбайы сатып алатынын жеткізді. Оның сөзінше, отбасының күнделікті қаржылық шығындарын да әйелі басқарады.
Алайда вице-министр жұбайына қанша ақша беретіні немесе отбасының нақты шығын мөлшері туралы ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Осылайша, Азамат Әмрин жеке қаржысына қатысты сұраққа нақты жауап бермей, бұл тақырыпты ашық талқылауға келіспейтінін білдірді