Мәскеудің Таган аудандық соты Котельнический жағалауындағы Сталиннің билігі заманында салынған биік ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаға Украина туын тігу оқиғасына байланысты ұсталған төрт адамды үйқамаққа алды, деп хабарлайды Азаттық.
20 тамыз күні таңертең әлдекімдер Мәскеудегі биік ғимарат төбесіндегі жұлдызшаны Украина туының түсіне бояп, украин туын тігіп кеткен еді. Бұдан соң құқық қорғау орындары «бұзақылар» - альпинистік керек-жарақ арқалаған төрт адам ұсталғаны туралы хабарлаған. Бірақ ұсталғандар өздерінің саяси акцияға қатысы жоғын, тек экстремалды спорт түрімен әуестеніп жүргендерін айтады.
Полиция оларға тағылған «вандализм» айыбын «бұзақылық жасау» айыбына өзгертіп, соттан ұсталғандарды қамауға алуды сұраған.