11.06.2026, 17:00

Отқа оранған үйден үш баланың денесі табылды

Фото: ufa.kp

Оқиға Башқұртстанның (РФ) Салават ауданына қарасты Новые Каратавлы ауылында болды.

Кеше болған өрт салдарынан бір отбасының үш баласы көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде 11 жастағы қыз бен 5 және 8 жастағы екі ұл үй ішінде болған, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы ufa.kp.сайтына сілтеме жасай отырып.  Оқиға Башқұртстанның (РФ) Салават ауданына қарасты Новые Каратавлы ауылында болды. Өрттен кейін толықтай жанып кеткен ағаш үйдің үйіндісінен балалардың денесі табылған.

«Үй толықтай өртеніп кетті, балалардың денесі үйінді астынан табылды», – делінген жергілікті билік өкілдерінің мәліметінде. Сол сәтте балалардың анасы үйде болмаған. Мәліметтерге қарағанда, 32 жастағы әйел азық-түлік алу үшін базарға кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайғылы сәтте балалар үй ішінде құлыптаулы болуы мүмкін.

«Ең кішісінің алты жасқа толуына бір күн қалған еді… Балалардың денесі құшақтасып жатқан күйде табылды», – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Анасы оқиға орнына оралған сәтте ауыр күйзеліске түсіп, оған жедел жәрдем шақырылған. «Ол сөйлей алмай қалды, психологтар жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдем шақырылды, жағдайы ауыр», – деді ауыл тұрғыны. Қайғылы оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында заңды өкілдердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады тергеу органдары. Сондай-ақ өңір прокуратурасы да тексеру жүргізіп жатыр. Ведомство балалардың қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын анықтайды.