$ 488.59  564.37  6.79

«Аузын жапқым келді»: Сәрсемәлиев Наурыз бен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін айтты

Ол Наурыз Мұқанғалиевпен жанжалдасып қалып, арадағы сөз таласы төбелеске ұласқан.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасуда. Кезекті отырыста айыпталушы қайын інісі Наурыз Мұқанғалиев пен қайын әпкесі Мейрамгүлдің өліміне қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сотта Сәрсемәлиевтің айтуынша, ол Наурыз Мұқанғалиевпен жанжалдасып қалып, арадағы сөз таласы төбелеске ұласқан. Оның сөзінше, осыдан кейін ол асүй пышағын алып, туысына бірнеше рет соққы жасаған.

Айыпталушы Наурыздың бірден көз жұммағанын айтып, оқиғадан кейін біраз уақыт аулада жүргенін жеткізді. Кейін қайтадан үйге кірген кезде оның жерде жатқанын көргенін мәлімдеді.

Сәрсемәлиевтің айтуынша, ол Наурыз тірі қалып, болған жайтты туыстарына айтып қояды деп қауіптенген. Сондай-ақ оқиғадан кейін полиция шақыру туралы ойлағанын, алайда көпбалалы әке болғандықтан не істерін білмей дағдарып қалғанын айтты.

Сот барысында айыпталушы қайын әпкесі Мейрамгүлдің өліміне қатысты да түсінік берді. Оның сөзінше, бұл оқиға кезінде үйде жұбайы Ақбаян мен балалар болған. Айыпталушының айтуынша, бұған дейін қыздың ата-анасы қаза тапқаннан кейін Мейрамгүл олардың жанында болып, көмектесу үшін бірге жүрген.

Алайда уақыт өте келе олардың арасында жанжал туындаған. Сәрсемәлиев Мейрамгүлдің өзіне ауыр сөздер айтқанын және осының салдарынан ашуға бой алдырғанын мәлімдеді.

Тергеу материалдарына сәйкес, Мейрамгүлді өлтіру кезінде оның ата-анасы Максот Қарабалин мен Насип Мұқанғалиеваның өліміне қатысты қолданылған пышақ пайдаланылған. Айыпталушының сөзінше, қылмыстан кейін мәйітті бұрын Наурыз Мұқанғалиевтің денесі жасырылған жерге апарып көмген.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0